Үкімет 2010 жылы да экономиканы «қолмен басқару» режимін ұстанатын болады - К. Мәсімов

АСТАНА. Желтоқсанның 29-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Үкімет 2010 жылы да экономиканы «қолмен басқару» режимін ұстанатын болады. Бұл туралы бүгін Астанада БАҚ өкілдерімен болған брифингте Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мәлім етті,

Үкімет 2010 жылы да экономиканы «қолмен басқару» режимін ұстанатын болады - К. Мәсімов

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Егер экономиканы жүйелі басқару ақау бермегенде, алайда бұндай ақау бүкіл әлем экономикасында болды, онда оны қолмен басқаруға көшудің қажеті болмас еді. Менің ойымша, қолмен басқару  - бұл дағдарысқа қарсы элемент. Біз экономиканы қолмен басқаруға 2007 жылдың соңында көштік. 2008 және 2009 жылдары да осыны басшылыққа алдық», деді Үкімет басшысы.

Дегенмен, Премьер-Министрдің пікірінше, 2010 жылдың соңында мемлекеттің нарықтық жүйеге белсенді араласуын қысқартуды бастау қажет. «Тұтастай алғанда жүйе экономиканы өзі реттей алатындай жағдай жасауымыз қажет», деді ол.