11:14, 12 Ақпан 2013 | GMT +5
Үкімет 2013-2020 жылдарға арналған АӨК-ны дамыту салалық бағдарламасының жобасын мақұлдады
АСТАНА. 12 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында Министрлер кабинеті 2013-2020 жылдарға арналған Агроөнеркәсіп кешенін (АӨК) дамыту салалық бағдарламасының жобасын мақұлдады.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтың сөзіне қарағанда, бағдарлама мақсаттарына қол жеткізу үшін жұмыстар негізгі 4 бағыт бойынша атқарылады. Бірінші бағыт қаржылық сауықтыруға негізделіп отыр. Екіншісіне - агроөнеркәсіп субъектілері үшін тауарлар мен қызметке қолжетімділікті арттыру жатады. Үшінші бағытта АӨК субъектілерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйелерін дамыту қамтылған. Бағдарламаның соңғы бағытында АӨК-ны мемлекеттік реттеу жүйесін арттыру жоспарланған.
Айта кетейік, аталған бағдарламаны жүзеге асыруға 8 жылдың ішінде 3122,2 млрд. теңге қажеттілік етеді.