Үкімет 2016 жылға арналған Ұлттық қордан бөлінетін трансферт мөлшерін 2 трлн 880 млрд теңгеге нақтылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкімет 2016 жылға арналған Ұлттық қордан бөлінетін трансферт мөлшерін 2 трлн 880 млрд теңгеге нақтылады. Бүгін Сенатта «Ұлттық қордан бөлінетін кепілдендірілген трансферттер туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырған Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев осылай мәлім етті.

Үкімет 2016 жылға арналған Ұлттық қордан бөлінетін трансферт мөлшерін 2 трлн 880 млрд теңгеге нақтылады

«Заң жобасына сәйкес, 2016 жылға арналған Ұлттық қордан бөлінетін кепілдендірілген трансферт мөлшерін түзету көзделеді. Бұл ретте доллардың 300 теңгеден 360 теңгеге қарай түзетілуіне орай, осы бағам ескеріле отырып, 2016 жылға арналған Ұлттық қордан бөлінетін кепілдендірілген трансферт мөлшерін 2 трлн 880 млрд теңге сомасында белгіленіп отыр», - деді министр.

Оның айтуынша, кепілдендірілген трансферт мөлшері жалпы ішкі өнімнің болжамды мәнінен отыз пайыздық көрсеткіштен төмендемейтін қалдық қағидаты туралы шартты қамтамасыз етеді.