Үкімет «Адамға әсер ететін физикалық факторлар көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекітті

АСТАНА. 13 наурыз. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің қаулысымен   «Адамға әсер ететін физикалық факторлар (компьютерлер мен бейне материалдар) көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілді.

Үкімет   «Адамға әсер ететін физикалық факторлар  көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекітті

ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

 Астана, Үкімет Үйі, 2011 жылдың 1 желтоқсанынан, №1430

 «Адамға әсер ететін физикалық факторлар (компьютерлер мен бейне материалдар) көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы

 «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

  • 1. Қоса беріліп отырған «Адамға әсер ететін физикалық факторлар (компьютерлер мен бейне материалдар) көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.
  • 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

                                                                  Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов.

 Санитарлық талаптардың мәтіні республикалық басылымда жарияланған.