Үкімет ақысыз кәсіптік және теxникалық білім беру бойынша Жоспарды жасақтауда - А. Сәрінжіпов
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкімет басшысының орынбасары Дариға Назарбаева жетекшілік ететін арнайы жұмыс тобы ақысыз кәсіптік және теxникалық білім беру бойынша Жоспарды 2016 жылдың сәуірінде аяқтамақ. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті.
"Ағымдағы жылы теxникалық мамандықтар бойынша ақылы бөлімде білім алып жатқан студенттерге 5358 орынға республикалық бюджеттен мемлекеттік тапсырыс бөлінді. ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасымен Үкімет басшысының орынбасары Дариға Назарбаеваның жетекшіл ететін арнайы жұмыс тобы құрылды. Бұл топқа колледж оқытушылары, мемлекеттік органдар, жұмыс берушілер, жергілікті билік өкілдері еніп отыр. Бұл жұмыс тобы Қазақстанда кәсіптік білімді ақысыз жүйеге көшірудің нақты жоспарын жасақтауы тиіс", - деді А. Сәрінжіпов ведомствоның алқа отырысында.
Осы орайда министр тиісті департаменттерге кәсіптік білім беру саласындағы ақысыз теxникалық мамандықтарды анықтау бойынша жұмыстарды бастауды жүктеді.
"Мемлекет басшысы 2017 жылы ақысыз кәсіптік-теxникалық білім беру жүйесін енгізуді тапсырды. Оның заңдық қамтамасыз ету қолымызда бар. Тиісті өзгерістер "Білім беру туралы" заңға енгізілді және ҚР Президентімен бекітілді", - дейді А. Сәрінжіпов.
Оның айтуына қарағанда, елімізде 800-ге тарта колледж бар. Оларда қазіргі уақытта 183 мамандық бойынша оқыту жүріп жатыр. Оның ішінде 193 мамандық теxникалық, теxнологиялық және ауыл шаруашылығы саласында.
"Ақысыз теxникалық және кәсіптік білім беру бірінші кезеңде келесідей санаттарға таралады. Біріншісі, жұмысшы мамандықтар бойынша оқыту 100% мемлекет тапсырысы бойынша жүретін болады. Қазіргі уақытта осы мамандықтар бойынша оқып жатқан 97 мың адамның 93 мыңы тегін оқуда. Енді ол санды 100% жеткізу үшін 4 мың адамды ақысыз жүйеге көшіру керек", - деді министр. - Екіншіден, жұмысшы білігі жоқ мектеп оқушылары жыл сайын көбеюде. Жыл сайын 20 мың түлек жоғары оқу орындары мен колледждерге түспейді, 34 мыңы колледждерден, 36 мыңы университеттерден шығарылады екен. Ақысыз кәсіптік және теxникалық білім беруге осылар тартылады. Сонымен қатар өзін-өзі қамтыған, жұмысшы біліктілігі жоқ 29 жасқа дейінгі азаматтар да бар. Оларды "Жұмыспен қамту-2020" аясында оқыту көзделуде".