Үкімет алдағы уақытта зейнетақы жүйесін жаңғыртудың екінші кезеңін де қолға алмақ

Бұл туралы Сенатта зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерін қамтыған заң жобаларының таныстырылымы барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Сәрік Әбденов мәлім етті.
«Бүгінгі заң жобасында енгізіліп отырған өзгерістер негізінен бірінші кезеңді ғана қамтып отыр. Екінші кезеңде Үкімет зейнетақы жүйесін жаңғырту бойынша бюджеттен тиісті шығындарды талап ететін мәселелерді қарап, бұндай заң жобасын қыркүйек айына дейін енгізетін болады. Оның ішінде әйел азаматтардың бала күтіміне байланысты жоғалтқан уақытындағы жинақтау жүйесіне аударылатын қаражатты бюджеттен субсидиялау мәселесі де қамтылатын болады»,- деді Серік Әбденов.
Министрдің айтуынша, бүгінгі күні қоғам арасында, кәсіподақтар мен депутаттар тарапынан зейнетақыға қатысты түсіп жатқан ұсыныстар нақты есепке алынып, сараптамадан өтіп жатыр. Ал алдағы екінші кезеңдегі атқарылатын жұмыстар барысында бұндай ұсыныстардың барлығы қаперге алынатын болады.