Үкімет әлемдік экономикадағы ахуал нашарлаған жағдайға кешенді шаралар әзірледі

АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - Үкімет әлемдік экономикадағы ахуал нашарлаған жағдайға кешенді шаралар әзірледі. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов мәлім етті.
None
None

«Кәрім Қажымханұлы, сіздің тапсырмаңызбен құрылған жұмыс тобы мүдделі мемлекеттік органдар мен даму институттары өкілдерінің қатысуымен әлемдік экономикадағы ахуал нашарлаған жағдайға кешенді шаралар құрды. Ол шұғыл әрекет ету шаралары бойынша нақты сынақтан өткен және жан-жақты есептелінген», - деді министр.

Оның атап өтуінше, экономикадағы белсенділікті қолдау үшін экономиканы, құрылыс және инфрақұрылымдарды, тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты, тұрғын үй құрылысын жаңғыртуға бағытталған инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды жалғастыру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар әлеуметтік міндеттемелер де толық көлемде орындалатын болады. Экономикада еңбекпен қамтылғандарды қолдау үшін оқыту, жұмысшыларды қайта мамандандыру және оларды жұмысқа орналастыру, ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік жұмыс орындарын құру сынды іс-шаралар жүргізіледі.

«Дағдарысқа қарсы сипаттағы бұл іс-шаралардың басым бөлігінің қазірдің өзінде 2012-2014 жылдарға арналған бюджетте қарастырылғандығын атап өткім келеді», - деді Қ.Келімбетов.

Соңғы жаңалықтар