Үкімет «Алматы - Қапшағай» жолын биыл аяқтауды жоспарлауда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұзындығы 104 шақырым болатын «Алматы - Қапшағай» тас жолының құрылысы биыл аяқталады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті.

Үкімет «Алматы - Қапшағай» жолын биыл аяқтауды жоспарлауда

«Орталық-Оңтүстік» (Астана-Алматы) жобасы бойынша. Осы бағыттағы жұмыстар 2013 жылы 171 шақырымдық «Астана-Теміртау» және 104 шақырымдық «Алматы-Қапшағай» тасжолында басталған болатын. Қазіргі уақытта «Астана-Теміртау» тасжолының 12 шақырым учаскесі мен «Алматы-Қапшағай» тасжолының 72 шақырымы пайдалануға берілді. Екі жоба да биыл аяқталады. Көлік қозғалысы мен абаттандыру жұмыстары ағымдағы жылы қамтамасыз етіледі», - деді министр.

Ж. Қасымбектің айтуынша, 2016 жылы жол салуға 330 млрд теңгеге жуық қаражат қарастырылған. Ақпан-шілде айларында 146 млрд теңгеге жуық қаражат игерілді. Бұл шамамен жалпы қаражаттың 44%-ы.

«Ең негізгі жұмыстар қыркүйек, қазан, қараша айларында басталады», - деді ол.