Үкімет астық нарығын реттеуде дұрыс шаралар қабылдауда - А.Мамытбеков
АСТАНА. 23 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан Үкіметі астық нарығын реттеуде дұрыс шаралар қабылдауда. Бұл туралы бүгін елордада басталған 6-шы қазақстандық «KAZGRAIN-2012» астық форумында еліміздің ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков айтты.
«Ағымдағы жылғы құрғақшылық және өткен жылғы рекордтық астық түсімі біздердің ішкі нарықтағы бағаның құлдырауына жол бермегендігімізді көрсетті. Ал осы жылы біз экспортқа ешқандай шектеу қойған жоқпыз. Бұл фермерлерімізге өз өнімдерін әлемдік, тіпті әлемдік бағадан да жоғары бағаға сатуға мүмкіндік береді. Өткен жылы да рекордтық астық жиналуына қарамастан астық бағасы тоннасына 150 доллардан төмен түскен жоқ», - деді министр.
Сондай-ақ А.Мамытбеков өз сөзінде салалық бағдарлама аясында сақтандыру тетіктерін жетілдіру бағытындағы жүмыстар жүрігізіліп жатқандығын баса айтты. Оның пайымынша, бұл астық өндіру кезіндегі фермелердің барлық шығындарының міндетті түрде қайтарымы болатындығына кепіл іспеттес.