«Үкімет - азаматтар үшін» корпорациясы төрт мемлекеттік ұйымды біріктіреді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Үкімет - азаматтар үшін» атты мемлекеттік корпорация бірінші кезеңде төрт мемлекеттік ұйымды біріктіреді. Бұл туралы бүгiн Астанада әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар туралы халықаралық конференцияда ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Сәкен Сәрсенов мәлім етті.
None
None

«Мемлекеттік корпорация аясында бірінші кезеңде төрт ұйымды біріктіру көзделіп отыр. Оның ішінде Халыққы қызмет көрсету орталығы, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы, Жылжымайтын мүлік орталығы және «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» қамтылмақ», - деді министрдің орынбасары.

Оның сөзіне қарағанда, бұл бағытта «Сервис Канада» атты канадалық құрылымның тәжірибесі зерттеліп, Қазақстанның бұл қызметі осы стандарттарға негізделмек. Атап айтқанда, «Үкімет - азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы «жалғыз терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер санын арттыруға мүмкіндік бермек.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы мамырда Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Үкімет - азаматтар үшін» атты мемлекеттік корпорация құру туралы ұсыныс жасаған болатын.

Соңғы жаңалықтар