Үкімет азық-түліктің негізгі түрлері мен әлеуметтік маңызы бар тауарлар, жанар-жағар май және дәрі-дәрмек бағасының тұрақтылығын қамтамасыз етуі керек - Н.Назарбаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада өтіп жатқан ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке негізгі азық-түлік түрлері мен әлеуметтік маңызы бар тауарлар, жанар-жағар май және дәрі-дәрмек бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету керектігін айтты.
«Сондай-ақ тауарлардың жетіспеушілігі мен монополистер қызметтерінің тарифінің негізсіз көтерілуіне жол бермеуі керек», - деді Н.Назарбаев.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі Твиттерде хабарлады.