Үкімет банкроттық жүйені реформалауға бағытталған заң жобасын мақұлдады

АСТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - ҚР Үкіметінің бүгінгі отырысында банкорттық жүйені реформалау, дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасын жүзеге асыру және кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін сауықтыруға бағытталған заң жобасы мақұлданды.
None
None

Аталған заң жобасын таныстырған еліміздің Қаржы министрі Болат Жәмішевтің айтуынша, әзірленген заң жобасының негізгі бағыттарында банкорттық туралы заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді.

Оның атап өтуінше, заң жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалфық тұрғыда оң әсер беруі қажет.

«Атап айтқанда, бағдарламаны жүзеге асыру аясында шағын кәсіпорын мен ірі кәсіпкерлікке қатысты қаржылай сауықтыру процедураларын жүргізуге және жұмыс орындарын, сонымен қатар сауықтырылған кәсіпорындар санының арттуы есесінен салық базасын сақтауға мүмкіндік береді», - деді Б.Жәмішев.

Соңғы жаңалықтар