Үкімет басшыларының кездесуі Константиновск сарайында өтеді

АСТАНА. 18 қазан. ҚазАқпарат - 18-19 қазанда ТМД, ЕурАзЭҚ және Кеден одағы елдері Үкімет басшыларының кездесуі Санкт-Петербургте Константиновск сарайында өтеді,

Үкімет басшыларының кездесуі Константиновск сарайында өтеді

деп хабарланған ҚР Премьер-Министрініңpm.kz. сайтында.

2006 жылғы шілдеде «Үлкен сегіздіктің» Петербург саммиті өткен Константиновск сарайы биыл, 18-19 қазанда ТМД, ЕурАзЭҚ және Кеден одағы елдері Үкімет басшылары үшін есігін айқара ашады.

Константиновск сарайы «Конгрестер сарайы» мемлекеттік кешені атанып, Санкт-Петербургтің жаңа рәмізіне айналды.
Осы үлкен сарайдың алғашқы іргетасын 1720 жылы император Петр I қалаған. Константиновск сарайы Н.Микеттидің жобасы бойынша салына бастады.

1797 жылы Павел I кешенді өзінің екінші ұлы князь Константин Павловичке сыйлады, содан бері сарай оның атымен аталады. Сонымен, 1917 жылға дейін сарай ресейлік императорлардың иелігінде болды.

Ұлы Отан соғысы кезінде ол дерлік толығымен бұзылды, одан тек тас ұстыны қалған болатын. Алайда, құрылыс қайтадан қалпына келтірілді, онда 1990 жылдарға дейін Ленинград Арктикалық училищесі жұмыс істеді.

Ескерткішті қалпына келтіру 2001 жылы басталды. 2003 жылы қалпына келтіру жұмыстары аяқталды және Константиновск сарайы мен паркінің салтанатты ашылуы өтті.

Қазір оның мұражайында орыстың XVIII-ХХ ғасырлардағы бейнелеу және декоративтік-қолданбалы өнері кеңінен қойылған, соның ішінде әлемге әйгілі М. Ростропович және Г. Вишневскаяның бұйымдары бар.