Үкімет басшысы «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасын жүзеге асыруда үлкен кемшіліктер барын айтты
АНА. Тамыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Үкіметтің селекторлық кеңесінде Премьер-Министр Кәрім Мәсімов «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасын жүзеге асыруда үлкен кемшіліктер барын атап көрсетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгінде 112 мектеп пайдалануға берілді, дегенмен де бұл жобаны жүзеге асыруда үлкен кемшіліктер де бар. Себебі бұл тек қана экономикалық, әлеуметтік емес, сонымен қатар саяси жоба», деді кеңесте К. Мәсімов.
«Мынадай мәселе туындайды: кейбіреулер осы нысандарды салу барысында мемлекеттің қаржысы есебінен пайда тауып қалғысы келеді. Менің ойымша, бұл құқық қорғау органдарының жұмысы, олар тиісті жұмыс жүргізетін болады», деп толықтырды сөзін Үкімет басшысы.