Үкімет басшысы 400 мектеп салу бойынша тиісті ұсыныстар енгізуді тапсырды

АСТАНА. 29 қаңтар. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов ҚР Білім және ғылым министрлігіне елімізде 400 мектеп салу бойынша тиісті ұсыныстар енгізуді тапсырды.

Үкімет басшысы 400 мектеп салу бойынша тиісті ұсыныстар енгізуді тапсырды

«Еліміздегі білім беру ошақтарының апаттық жағдайы, мектептегі оқушылар орындарының жетіспеушілігі мен халықтың демографиялық өсуін ескере отырып, ҚР Білім және ғылым министрлігі облыс басшылары, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп аймақтарда республикалық бюджет есебінен 200 мектеп және жергілікті бюджеттердің қаржысына 200 мектеп салу қажеттігін зерттеп шығуы тиіс. Аталған білім беру ошақтарының 2015 жылға есептелген құрылыс кестесі бойынша тиісті ұсыныстарды бір айдың көлемінде Үкіметтің қарауына енгізуді тапсырамын», - деп атап көрсетті К.Мәсімов.