Үкімет басшысы Әділет министрлігіне құқықтық жүйені одан әрі жетілдірудің кешенді шараларын әзірлеуді тапсырды

АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Үкімет басшысы Әділет министрлігіне құқықтық жүйені одан әрі жетілдірудің кешенді шараларын әзірлеуді тапсырды.
None
None

Премьер-Министр К. Мәсімов аталған ведомствоның басшысы Рашит Түсіпбековке бүгін, Үкімет отырысы барысында осындай тапсырма жүктеді.

Үкімет басшысы Әділет министрлігіне кеше ҚР Үкіметінің кеңейтілген мәжілісінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айқындап берген тапсырмаға орай, Қауіпсіздік кеңесімен бірлесіп құқықтық жүйені одан әрі жетілдірудің кешенді шараларын әзірлеуді тапсырды.

«Біз келіскендей, ертең сағат 12-де кеңес өткіземіз. Сол кезде мен сізден ұсыныс күтемін»,-деді К. Мәсімов.

Үкімет басшысының атап өтуінше, министрлік тарапынан нақты ұсыныс енгізілгеннен кейін ол Мемлекет басшысының қарауына енгізіледі.

Соңғы жаңалықтар
Референдум