13:19, 13 Шілде 2010 | GMT +5
Үкімет басшысы Әділет министрлігіне шетелдік соттарда Қазақстанның мүддесін қорғайтын арнайы бөлім құруды тапсырды
АСТАНА. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Әділет министрлігіне шетелдік соттарда Қазақстанның мүддесін қорғайтын арнайы бөлім құруды тапсырды.

«Атап айтқанда, ерекше еңбек төлемі белгіленген және жоғары білікті мамандар іріктелген арнайы бөлімді құру қажет. Олар шетелдік соттарда сыртқы талап-арыздар бойынша ғана жұмыс істейтін болады», - деді Үкімет басшысы.