Үкімет басшысы Әділет министрлігіне ұжымның жаңа басшысы Берік Имашевті таныстырды
АСТАНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Әділет министрлігінің ұжымына жаңа басшы Берік Имашевті таныстырды.
Айта кетейік, бұған дейін Әділет министрлігін басқарған Рашид Түсіпбеков Елбасы Жарлығымен ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Қаржы полициясы) төрағасы болып тағайыдалған еді.