Үкімет басшысы әкімдер мен министрлерге Жаңа жыл мерекесінде босаңсымауды тапсырды

АСТАНА. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Үкіметтің ағымдағы жылғы соңғы отырысында Премьер-Министр Серік Ахметов барлық әкімдер мен министрлерге Жаңа жыл мерекесінде босаңсымауды тапсырды.

Үкімет басшысы әкімдер мен министрлерге Жаңа жыл мерекесінде босаңсымауды тапсырды

«Алдағы үлкен мерекелік күндер келе жатыр. 1-5 қаңтар - Үкімет қабылдаған қаулыға сәйкес демалыс күндері. Әкімдерден, сіздердің әріптестеріңізден мереке күндері босаңсымауды өтінемін. Жергілікті жерлерде баға құрылымдаумен, бірінші кезекте Жаңа жыл қарсаңында ең бірінші қажетті азық-түліктердің бағасымен байланысты мәселелерді қатаң бақылауға алу қажет», - деді С.Ахметов.

Сонымен бірге Үкімет басшысы әкімдерге жылу беру маусымын қатаң бақылауға алуды, ал Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын тиісті деңгейде ұйымдастыруды тапсырды.