Үкімет басшысы әкімдерге жылыту маусымына дайындыққа арнайы жауап беретіндіктерін ескертті
АНА. 31 мамыр. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін Үкіметтің селекторлық форматтағы отырысы барысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов әкімдерге жылыту маусымына дайындыққа арнайы жауап беретіндіктерін еске салды.
Жылыту маусымына дайындық барысы әрбір әкімнен арнайы сұралатындығын ескертіп өткен Үкімет басшысы қыс қамын жазда ойластырып, қажетті шараларды дер көзінде қолға алмаса, қар түскенде жіберілген қателіктер алдан шығатынын баса айтты.
«Өздеріңіздің өткен қысқы кезеңдегі баяндамаларыңыз үміт артарлықтай болғанымен қиыншылықтардың орын алғанын білесіздер», - деді ол.