15:43, 30 Мамыр 2009 | GMT +5
Үкімет басшысы Алматының дамуы мен Азия ойындары өтетін құрылыс нысандарындағы жұмысқа оң баға берді
АЛМАТЫ. Мамырдың 30-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыдағы жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов алдымен қаладағы Қысқы Азия ойындары өтетін құрылыс нысандарының барысымен танысты.
Одан кейін Шығыс айналма жолы мен Медеу спорт кешенінің жөндеу жұмыстарын көріп, Шымбұлақ шаңғы кешенін аралады.«Осыған дейін Азия ойындары туралы көптеген сұрақтар болды. Сәуір айында Елбасы ойындардың өту мәселесіне нүкте қойды. Азия ойындары Алматы мен Астана қалаларында өтеді. Осыған орай Үкімет тарапынан екі қаладағы ойындар өтетін нысандардың құрылысына қажетті қаржыны бөлді. Бүгін мен Азия ойындары өтетін әрі Алматының дамуымен байланысты Медеу мен Шымбұлақтағы бірқатар спорт кешендеріндегі құрылыс жұмыстарымен таныстым», - деді К.Мәсімов.«Жүргізіліп жатқан жұмыстар көңіл қуантады. Елбасының сәуірдің 9-да біздің алдымызға қойған тапсырмасы орындалады», - деді ол.