Үкімет басшысы арнайы экономикалық аймақтарды одан әрі дамытуға қатысты бірқатар тапсырмалар жүктеді

АСТАНА. 16 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін еліміздегі арнайы экономикалық аймақтар (АЭА) мәселесі талқыланған Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов АЭА басқарушы компанияларын қаржыландыру мәселесін қарастыруды тапсырып,

Үкімет басшысы арнайы экономикалық аймақтарды одан әрі дамытуға қатысты бірқатар тапсырмалар жүктеді

тиісті мемлекеттік органдарға бірқатар міндеттерді жүктеді.

«Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне басқа да мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, арнайы экономикалық аймақтардағы басқару компанияларының қызметін қаржыландыру тетігі бойынша мәселелерді қарастыруды тапсырамын. Сонымен қатар, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі АЭА-ға инвестициялар тарту бойынша жұмыстарды жалғастыруы керек. Өз кезегінде Өңірлік даму министрлігі жергілікті әкімдіктермен бірлесе отырып, АЭА жұмысын одан әрі дамыту мәселелерін қарастырсын», - деді С. Ахметов.