Үкімет басшысы Астана мен Ақмола облысын көгалдандыру бойынша кеңес өткізуді жүктеді
АНА. 31 мамыр. ҚазАқпарат - Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов өзінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеевке Астана мен Ақмола облысын көгалдандыру мәселелері бойынша кеңес өткізуді жүктеді.
Бұл тапсырманы Премьер-Министр Кәрім Мәсімов бүгін Үкіметтің селекторлық форматтағы отырысында берді.
Бұл міндеттің Мемлекет басшысында өтетін алқалы жиынға дайындық аясында жүктеліп отырғандығын ескерткен К.Мәсімов: «Өмірзақ Естайұлы, сізге Астана әкімімен, Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, елорданы және Ақмола облысын көгалдандыру мәселелері бойынша кеңес өткізуді тапсырамын», - деді.
Сондай-ақ Премьер-Министр кеңес қорытындысын өзіне баяндауды тапсыра келе, «сәйкесінше шешімді қабылдайтын боламыз», - деді.