Үкімет басшысы Астанадағы бірқатар балабақша ғимараттарын мемлекетке қайтаруды тапсырды

А. Қарашаның 26-сы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Астанадағы балабақша ғимараттары мен ірі сауда орындарына барып, көшпелі кеңес өткізді,
None
None

 деп хабарлайды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов, «Әсем» және «Астықжан» сауда орталықтарында азық-түлік пен көкініс өнімдерінің бағасын тұрақтандыру бойынша атқарылған іс-шаралар туралы айтып берді. Ал кеңес барысында Үкімет басшысы қазіргі кезде ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР Әділет министрлігі және басқа да мемлекеттік органдардың құзырына өтіп кеткен балабақша ғимараттарын мемлекетке қайтаруды тапсырды. «Біз оны істей аламыз. Сондықтан, осы жұмысты аяғына дейін жеткізуді тапсырамын»,  деді К.Мәсімов.

 Айта кетейік, бүгінгі көшпепі мәжіліс барысында ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов Астанадағы №3, №5, №23, №39 балабақша ғимараттарында болды.

Соңғы жаңалықтар