Үкімет басшысы Атырау, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының жетістіктері қойылған көрменің таныстырылымына қатысты

ТАНА. 9 қыркүйек. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов бүгін Атырау, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының жетістіктері қойылған көрменің таныстырылымына қатысты.

Үкімет басшысы  Атырау, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының жетістіктері қойылған көрменің таныстырылымына қатысты

«Атырау, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының жетістіктері қойылған көрменің таныстырылымына қатыстым», - деп жазды бүгін Үкімет басшысы Twittter-дегі жеке парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Астанада өтіп жатқан ел өңірлерінің күндері аясында ұйымдастырылды. Көрмеге үш облыстың ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, қолөнер, тау-кен өндірісі сияқты экономиканың көптеген салалары бойынша өндірілген өнімдері қойылған.