Үкімет басшысы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен барлық әкімдерге көктемгі егістік жұмыстарын сапалы жүргізуді тапсырды

АСТАНА. 2 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Ауыл шаруашылығы министрлігі мен барлық әкімдерге көктемгі егістік жұмыстарын сапалы жүргізуді тапсырды.

Үкімет басшысы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен  барлық әкімдерге көктемгі егістік жұмыстарын сапалы жүргізуді тапсырды

«Ауыл шаруашылығы министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, барлық қажетті егістік жұмыстарын, міндетті жанар-жағармайды және басқа да материалдық-техникалық ресурстарды сапалы қамтамасыз етуді, басымдықты ауыл шаруашылығы дәнді дақылдары алқаптарын кеңейту бойынша шараларды қабылдауды тапсырамын»,-деді С. Ахметов.

Сондай-ақ, Үкімет басшысы Мұнай және газ министрлігіне бекітілетін кесте мен қол қойылған меморандумға сәйкес қажетті көлемдегі дизель отынымен өңірлерді үздіксіз қамтамасыз ету бағытындағы барлық шараларды қабылдауды жүктеді.