12:12, 09 Ақпан 2009 | GMT +5
Үкімет басшысы бірінші кезекті қажетті азық-түлік тауарларының бағасын қатаң түрде ұстап тұруды тапсырды
АСТАНА. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Үкіметте өткен селекторлық кеңесте Премьер-Министр Кәрім Мәсімов бірінші кезекті қажетті азық-түлік тауарларының бағасын қатаң түрде ұстап тұруды тапсырды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Тиісті министрліктердің құлағына тағы бір мәрте құйғым келеді: бірінші кезекті қажетті азық-түлік тауарларының бағасы қымбаттамауы тиіс. Министрлер мен облыс әкімдері бұл мәселеге қырағы қараулары қажет. Бұл жағынан бізде тәжірибе бар», - деді өз сөзінде Үкімет басшысы. Селекторлық кеңестен кейінгі брифингте Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев өңірлерде құрылған тұрақтандырушы комиссиялар өз жұмыстарын биыл да жалғастыратынын атап көрсетті. «Ол комиссиялар жергілікті жерлердегі сауда орындарында азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсуін бақылайтын болады. Мұндай жағдай орын алса, жедел тиісті шаралар қолданылады», - деді министр.