Үкімет басшысы бірқатар мәселені облыс басшыларымен жүздесу барысында талқылауға ниетті
халықты еңбекпен қамту және құрылыс мәселелерін облыс басшыларымен талқыламақ. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Үкімет отырысында мәлім етті.
«Мен бұл мәселелерді кездескен кезде талқылауды ұсынамын. Өйткені барлық әкімдер партияның съезіне жиналады. Сол күні біз бірлескен отырыс өткіземіз, уақытын кейінірек анықтаймыз», - деді Премьер-Министр.
Бұл орайда Министрлер кабинетінің басшысы облыс әкімдері үш мәселе бойынша жан-жақты дайындықпен келулері керектігін баса айтты. Оның біріншісі азық-түліктің баға құрылымы бойынша ағымдағы жағдайларға қатысты болса, екіншісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген жаңа еңбекпен қамту бағдарламасы жобасын жан-жақты зерделеуге арналмақ. Ал соңғы мәселе құрылыс саласын қамтиды.