Үкімет басшысы бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының салтанатты ашылуында сөз сөйледі

ТАНА. 25 шілде. ҚазАқпарат - Сенбі күні Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Қазақстан» спорт сарайында бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының салтанатты ашылуында сөз сөйледі, деп хабарланған Facebook.com-да.

Үкімет басшысы бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының салтанатты ашылуында сөз сөйледі

Чемпионат Қазақстанда алғаш рет өткізілуде және оған 48 елден 15-тен 16 жас аралығындағы 500 спортшы қатысуда. Қазақстанның ұлттық құрамасы барлық 13 салмақ дәрежесі бойынша сайысқа түседі. Әлемдік доданың ақтық сайысы 30 шілдеде өтеді.