Үкімет басшысы цифрлық хабар тарату бойынша тапсырма берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Цифрлық телерадио таратуға көшу маңызды әлеуметтік жоба. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режимдегі отырысында Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Цифрлық телерадио таратуға көшу маңызды әлеуметтік жоба. Сондықтан барлық деңгейдегі үйлесімді жұмыс пен тұрақты бақылау қажет. Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне өңірлермен бірге цифрлық эфирлік хабар таратуға көшуді уақтылы қамтамасыз етуді тапсырамын», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Айта кетерлігі, осы мәселе бойынша отырыста баяндама жасаған Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, Маңғыстау, Жамбыл мен Түркістан облыстары және Шымкент қаласы - 2018 жылдың аяғына дейін, Алматы, Павлодар, Қостанай облыстары - 2019 жылы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Атырау, Қызылорда облыстары - 2020 жылға дейін, Батыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе облыстары, Астана және Алматы қалалары - 2021 жылы кезең-кезеңімен жаңа форматқа ауысатын болады.

 

Соңғы жаңалықтар