Үкімет басшысы ЭДСМ-ге еліміз үшін маңызды құжаттарға өзгерістер енгізу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды
«Жыл соңына дейін біздерге өте маңызы 2 құжатқа, атап айтқанда 2020 жылға дейінгі даму стратегиялық жоспары мен Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасына түзету енгізу міндеті тұр. Экономикалық даму және сауда, Индустрия және жаңа технологиялар министрліктері Президент Жарлығына сәйкес жобаларға өзгерістер енгізу жұмыстарын жеделдетуі керек», - деді С.Ахметов.
Сондай-ақ Үкімет қазірдің өзінде жүзеге асырылып жатқан дағдарысқа қарсы жоспар қабылдағандығына тоқталған Премьер-Министрдің атап өтуінше, әлемдік нарықтағы тұрақсыздыққа байланысты үкіметтік шешімдерге белгілі бір өзгерістер енгізу қажеттігі туындауда.
Бұл ретте С.Ахметов: «ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Үкіметке дағдарысқа қарсы жоспарға өзгерістер енгізіп енгізуді тапсырамын. Қайрат Келімбетов бұл мәселені бақылауда ұстауы қажет», - деді.