Үкімет басшысы ЕҚДБ Президентімен кездесті
АСТАНА. Маусымның 11-і. ҚазАқпарат. Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) Президенті Томас Мироумен кездесті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесуде әлемдік экономикадағы жағдай, қазақстандық экономиканың даму перспективалары, сондай-ақ, Қазақстан мен ЕҚДБ арасындағы ынтымақтастықтың жай-күйі талқыланды.Сонымен қатар, Қазақстан Үкіметінің экономиканы тұрақтандыру жөніндегі шаралары жөнінде де әңгіме өрбіді.Кәрім Мәсімов пен Томас Мироу баянды ынтымақтастықтың әрі қарай да жалғасатынына сенім білдірді.