Үкімет басшысы ел құтқарушыларын кәсіби мерекелерімен құттықтады
АСТАНА. Қазанның 19-ы. ҚазАқпарат - Бүгін еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері елордадағы Конгресс-Холл сарайларында кәсіби мерекелерін атап өтуде.
Құтқарушыларға өз құттықтауын жолдаған ҚР Премьер-Министрі онда еліміздің ТЖМ қызметкерлерінің соңғы жылдардағы кәсіби деңгейлерінің артта түскендігін атап өткен.
«Бүгінгі күні сіздер төтенше жағдайларда шұғыл әрекет етудің тиімді жүйесін, өмір қауіпсіздігі жүйесі жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз ету, елдің индустриялық инфрақұрылымдарын құру жөніндегі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмаларын әділ орындаудасыңдар деп нық сеніммен айтуға болады. Қазіргі жаңа шындықтар сіздердің алдарыңызда ел халқы мен аумағын табиғи әрі техногендік сипаттағы апаттардан қорғау бойынша жаңа міндеттер жүктейді», делінген құттықтауда.
Сондай-ақ Үкімет басшысы өз құттықтауында тосын апаттар тәуекелдерін қысқарту үшін жаңа технологиялар, инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу қажеттігін де атап өткен.