Үкімет басшысы «Exxon Mobil» компаниясының өкілдерімен кездесті
АСТАНА. Маусымның 11-і. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Exxon Mobil» компаниясының аға вице-президенті Марк Алберс бастаған компания өкілдерімен кездесті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кездесуде мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен компанияның Қазақстандағы қызметінің даму перспективалары талқыланды.К.Мәсімов жоғары технологиялық өндіріске инвестиция тарту мәселесіне айырықша көңіл бөліп, Үкіметтің мұндай жобаларды қолдауға дайын екенін жеткізді.