Үкімет басшысы халық санағын сапалы өткізуді тапсырды

АСТАНА. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Үкіметте өткен селекторлық кеңесте Премьер-Министр халық санағына дайындық жұмыстарын толығымен зерделеп шығуды, сондай-ақ бұл ауқымды шараны сапалы өткізуді тапсырды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Халық санағы 10 жылда бір рет өткізіліп тұратындықтан, оның маңызды саналатынын жеткізген Үкімет басшысы, «сондықтан бұл ауқымды шараны абыроймен өткізу шарт», деді. К. Мәсімов ақпанның 25-інде осы тақырыпта селекторлық кеңес өтетінін айтты. ҚР Статистика агенттігінің төрайымы Анар Мешімбаеваның сөзіне қарағанда, бүгіннен бастап санақшыларды оқыту жұмыстары жүзеге асырылады. А. Мешімбаеваның айтуынша, аталған санақ барысында қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылатын болады. Сонымен қатар санақшыларымен танысу мақсатында ақпанның 19-ынан бастап 25-іне дейінгі аралықта әрбір үйдің тұрғындарымен санақшылардың кездесуі ұйымдастырылмақ. «Егер санақшыларға есік ашқысы келмейтін адамдар болса, олар арнайы стационарлық учаскелерге барып анкеталарды сонда толтыра алады»,-деді Агенттік төрайымы селекторлық кеңестен кейін журналистер сауалына жауап беру кезінде.
Соңғы жаңалықтар