Үкімет басшысы К.Мәсімов Doing Business жылдық рейтингісіндегі Қазақстан көрсеткіштерін жақсартуға тапсырма берді

ТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Doing Business (бизнес жүргізу) жылдық рейтингісіндегі Қазақстан көрсеткіштерін жақсарту бойынша мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма берді.
None
None

Аталған мәселе бойынша негізгі баяндама жасаған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Орынбаевтың атап өтуінше, бизнес рейтингі 11 ұстаным бойынша 183 елдегі бизнес ахуалды бағалап, бизнес жүргізудің жеңілдігін анықтаған. Осы рейтингте еліміз 47 орынға тұрақтап, 11 ұстанымға көтерілген. «Мәселен, инвесторларды қорғау индикаторы бойынша Қазақстан 34 ұстанымға көтерілді. Ал салық салу индикаторы бойынша Қазақстан ұстанымы 2 жыл бойы едәуір көтерілуде», - деп атап өткен Е.Орынбаевтың айтуынша, еліміздің құрылыс және халықаралық сауда индикаторлары мардымсыз көрсеткішке ие болып отыр.

Осы орайда Үкімет басшысы: «Бірінші бөлім бойынша Өмірзақ Естайұлына Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы агенттігі базасында топ құруды тапсырамын. Бұл салада түбегейлі шаралар жүргізуіміз керек. Құрылыс бойынша тізімнің соңында тұрғанымыз біз үшін ұяттау», - деді.

Екінші мәселе халықаралық саудаға қатысты екендігін атап өткен ол Экономикалық даму және сауда министрлігіне ұсыныс әзірлеуді тапсырды. Сонымен қатар Премьер-Министр еліміздің Қаржы министрі Болат Жәмішевке электрондық декларациялауға тезірек өту үшін жұмыстарды жандандыруды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар