Үкімет басшысы К. Мәсімов Польша халқына қайғылы қазаға байланысты көңіл айтты
әуірдің 12-cі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Астанадағы Польша Елшілігінде болып, онда сәуірдің 10-ында Смоленск маңында орын алған апатқа байланысты Польша халқына көңіл айтты.
Естеріңізге сала кетейік, сол күні ұшақ апаты салдарынан аталған ел Президенті Лех Качиньский және оның жұбайы, сондай-ақ бірқатар поляк азаматтары қазаға ұшыраған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстан Мемлекет Басшысы және Қазақстан Үкіметі атынан біз поляк халқына көңіл айтамыз және поляк халқында бұндай қасіретті еңсеру үшін күш-жігер болады деп санаймыз әрі Польша бұдан кейінгі дамуында осыған дейін таңдап алған жолмен жүреді деген сенімдеміз», деді К. Мәсімов.
Сонымен бірге, Үкімет басшысы көңіл айту кітабына жазба қалдырып, онда бүкіл әлем халқы поляк халқымен бірге қайғыратынын, және поляк Президенті мен оның жанындағы тұлғалардың қазасын Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі үлкен қасірет деп санауға болатынын атап көрсетті.