16:13, 17 Қаңтар 2011 | GMT +5
Үкімет басшысы Қарағанды облысының әкіміне Приозерск әкімін орнынан алу туралы тапсырма берді
АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қарағанды облысының Приозерск қаласындағы жағдайға байланысты үкіметтік комиссия мүшелерінің баяндамасын тыңдады, деп хабарлайды Үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Премьер-Министр Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметовке жылу беру нысандарын дайындау жұмыстарын өз деңгейінде ұйымдастырылмағаны, жылу көздерінің жұмысына бақылаудың жоқтығы және апатты жағдайды болдырмауға шаралар қолданбағаны үшін Приозерск қаласының әкімі Қайрат Смағұловты қызметінен алып тастау туралы тапсырма берді.
Жылыту маусымын жүргізуге дайындық пен оны өткеру кезінде жіберген қателіктері және дер кезінде шара қолданбағаны үшін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Бауыржан Смағұловқа және облыстық Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Марат Мәдиевке қатаң сөгіс жарияланды.
Приозерскідегі жағдай мен қаланың жылумен қамтамасыз етілуі елдің Премьер-Министрі К.Мәсімовтің тікелей бақылауында тұр.