13:50, 28 Мамыр 2010 | GMT +5
Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов І «KADEX-2010» халықаралық көрмесінде болды
АСТАНА. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат - Бүгін Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Астанада Қазақстан Әскери-Әуе күштерінің авиациялық базасының аумағында өтіп жатқан Қару-жарақ, әскери техника және әскери-техникалық мүліктердің І «KADEX-2010» халықаралық көрмесінде болды,
деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметінен.
Көрмеге әлемнің 20 елінен келген 200-ден астам компанияның қару-жарақтар мен әскери техника, IT-технология және байланыс, құрылыс және инфрақұрылым, сондай-ақ тыл мүліктері мен әскери медицина салаларының өнімдері қойылып отыр.
Премьер-Министрдің назарына Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери техника үлгілері мен арнаулы бөлімдерінің қатысуымен көрнекі бағдарламасы ұсынылды.