Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов "I-MIX - 2011" Бірінші қазақстандық интернет-конференциясына қатысты

АСТАНА. 26 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін еліміздің Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов "I-MIX - 2011" Бірінші қазақстандық интернет-конференциясына қатысты.

Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов "I-MIX - 2011" Бірінші қазақстандық интернет-конференциясына қатысты

Бұл туралы ҚР Министрлер кабинетінің басшысы Facebook-тегі жеке парақшасында хабарлады.

Интернет-конференция барысында IT саланың мамандары Қазнетті дамыту және бизнес пен мемлекеттік сектордың тиімділігін арттыруға арналған жоғары технологиялар мәселелерін талқылады.

Конференцияға қатысушылардың сауалдарына жауап бере келе, К.Мәсімов Қазақстанның экономикалық өсімі, инновациялық әлеуеттің нығаюы және бәсекелестіктің артуы IT саланың дамуымен байланысты екенін атап өтті.