16:22, 03 Қараша 2009 | GMT +5
Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов «Жастар кадрлық резерві» жобасына қатысушылармен кездеседі
АСТАНА. Қарашаның 3-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Ертең, қарашаның 4-і күні Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің «Жастар кадрлық резерві» жобасына қатысушылармен кездесуі өтеді.

Бұл жөнінде бүгін брифингте «Нұр Отан» ХДП-нің ресми өкілі Оксана Петерс мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Президентінің Мемлекеттік басқару академиясында өтетін жиында К. Мәсімов Академия тыңдаушыларына, жобаға қатысушылардың алдында «Қазақстан үлгісімен ел экономикасын дағдарыстық басқару» тақырыбында дәріс оқиды.