Үкімет басшысы қазақ мәдениетін әлемдік аренаға шығаруға көңіл бөлуді тапсырды

АСТАНА. Қаңтардың 25-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Мәдениет және ақпарат министрлігіне қазақ мәдениетін әлемдік аренаға шығару бойынша ауқымды жұмыстар жасауды тапсырды.

Үкімет басшысы қазақ мәдениетін әлемдік аренаға шығаруға көңіл бөлуді тапсырды

Ол бұл тапсырманы аталмыш министрліктің бүгінгі кеңейтілген алқа мәжілісінде берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үкімет басшысының айтуынша, бұл үшін жастардың біліміне көп мән берген жөн. Балаларға, жастарға арналған жаңа туындылар жазу маңызды болып тұр. «Сондай-ақ бізге бүгінгі өмір, тәуелсіздік тақырыбына арналған жаңа опера, балет және драмалық шығармалар аса қажет», деді К. Мәсімов.

Үкімет басшысы сонымен қатар министрлікке ұлттық кино саласын барынша дамыту міндетін қойды.