15:32, 30 Қаңтар 2009 | GMT +5
Үкімет басшысы «Қазгидрометтің» бас кеңсесінің құрылысымен танысты
АСТАНА. Қаңтардың 30-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Премьер-Министр Кәрім Мәсімов елордадағы «Қазгидромет» РМК бас кеңсесінің жаңа ғимаратының құрылысымен танысты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Есілдің сол жағалауында орналасқан жаңа ғимарат 8 қабаттан тұрады. Аталған жерде еліміздің гидрометеорологиялық қауіпсіздігін күшейтуге мүмкіндік беретін озық құрал-жабдықтарды орналастыру жоспарланған. «Бас кеңседе еліміздің барлық өңірлерінде ауа райының мониторингін жедел жүргізіп, тиісті мемлекеттік органдармен бірлескен іс-шараларды шұғыл атқаруға мүмкіндік болады», деді ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов. Министрдің айтуынша, еліміздің 2009-2014 жылдарға арналған гидрометеорологиялық қызметті жаңарту бағдарламасы аясында салынып жатқан «Қазгидрометтің» бас кеңсесінде ауа райы болжамдарының нақтылығын 75-90 пайызға дейін көтеру көзделіп отыр.