Үкімет басшысы Көксарай су қоймасы бойынша тапсырма берді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өңірдің су тасқынына дайындығы туралы мәлімет бере отырып, Көксарай су қоймасындағы жағдайға алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Түркістан облысында былтыр су тасқынына қарсы шараларды іске асыруға арналған жол картасына мүлдем қаржы бөлінген жоқ. Ал ақпан айында сіздерді су басып қала жаздады Қауіпті алдын алу үшін қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр», - деп сұрады Премьер-Министр Үкімет отырысында әкімнен (Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды – авт.).

Облыс әкімінің айтуынша, Көксарай су реттегішіне су жинауды тоқтату қажет.

«Қазіргі уақытта Шардара су қоймасындағы су көлемі 100 пайызға жақындап қалды. Ал Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы Көсарай су реттегішінің сыйымдылығы – 3 млрд текше метр. Дегенмен де, 2022 жылы Көксайра дамбысының техникалық жай-күйін зерттеу барысында 1,8 млрд текше метрден артық су жинау мүмкіндігі жоқ екені анықталды. Қазіргі таңда жиналған су көлемі бұл деңгейден 22 млн метр асып отыр. Қазірдің өзінде қорғаныс бөгетіндегі ыза судың шығуы көбейіп, бөгеттің төменгі жағынан судың құммен шығуы байқалып отыр. Осыған орай көктемде ықтимал су тасқынын қабылдау үшін қойманы толтыруды тоқтатып, артық суды босатуды ұсынамыз», - деді облыс әкімі.

Үкімет басшысы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне аталған шаруаны пысықтап, жылдам шешім қабылдауды тапсырды.


Соңғы жаңалықтар
telegram