Үкімет басшысы көктемгі егіс науқанына қатысты бірқатар тапсырма жүктеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин көктемгі егіс науқанын сапалы өткізу бағытында бірқатар тапсырама берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Жалпы көктемгі егіс жұмыстарына дайындық уақытылы жүргізіліп жатыр. Үкімет тарапынан көктемгі егістікті қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шешімдер қабылданды. Алайда кейбір облыстарда тұқымды, ауыл шаруашылығы техникасын дайындау жоспардан кешіктіріліп жүргізілуде», - деді А. Мамин.

Сонымен қатар Үкімет басшысы барлық дерлік өңірлерде тыңайтқыштар бойынша субсидияның нормасы бекітілмегенін атап өтті.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктер көктемгі егіс жұмыстарын сапалы жүргізу бойынша барлық қажетті шараларды уақытылы қабылдасын. Энергетика министрлігі қажетті отын көлемін бекітілген кесте мен бағаға сәйкес жеткізуді қамтамасыз етсін», - деп тапсырды Премьер-Министр.

Мұнымен қоса Асқар Мамин «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ға қаражатты тиімді пайдалануды және олардың ауыл еңбеккерлері үшін қолжетімділігін қамтамасыз етуді жүктеді.

Осы орайда Үкімет басшысы бұл бағыттағы үйлестіру шараларын орынбасары Роман Склярға тапсырды.


Соңғы жаңалықтар