Үкімет басшысы Көлік министрлігіне жергілікті жолдарда қоғамдық жұмысты дамыту жөніндегі кешенді шараларды пысықтауды тапсырды

АСТАНА. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Көлік және коммуникция министрлігіне облыс әкімдіктерімен бірлесіп жергілікті мақсаттағы жолдарда қоғамдық жұмысты дамыту жөніндегі кешенді шараларды пысықтауды тапсырды.
None
None
Ол бұл тапсырманы аталмыш министрліктің бүгінгі кеңейтілген алқа мәжілісінде берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Еліміздің жергілікті мақсаттағы жолдарына қатысты сын-ескертпелер көп. Бұл сіздердің құзырларыңыздағы мәселе емес, онымен жергілікті биліктің шұғылдануы тиіс. Дейтұрғанмен, мен бүгін сізге әкімдіктермен бірлесіп жергілікті мақсаттағы жолдарда қоғамдық жұмысты дамыту жөніндегі кешенді шараларды ойластыруды тапсырамын», деді бүгін Үкімет басшысы алқада министр Серік Ахметовке қаратып айтқан сөзінде. «Заманауи технологияларды талап ететін жылдамдығы жоғары жолдарда қоғамдық жұмысты пайдалану қиын екенін түсінемін. Алайда, жергілікті жолдарда мұны жасауға болады және жасау қажет», деп қосты Премьер-Министр. Оның айтуынша, бұл бір жағынан жергілікті жерлердегі жолдардың мәселесін шешу үшін, екінші жағынан халықты жұмыспен қамту үшін қажет.
Соңғы жаңалықтар