Үкімет басшысы құрылыс материалдары сапасын тексеретін зертхана құруды қатаң тапсырды

АСТАНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы Қазақстанда құрылыс материалдары сапасын тексеретін зертханалар құрылады.

Үкімет басшысы құрылыс материалдары сапасын тексеретін зертхана құруды қатаң тапсырды

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Өңірлік даму министріне осындай тапсырма жүктеді.

«Бәрі де біздің стандарттарға келіп тіреледі. Біз міне 2 жыл бойы езбелеп отырмыз әрі Болат Бидахметұлы, (Өңірлік даму министрі) дұрыс еуропалық не болмаса халықаралық стандарт енгізе алмаудамыз. Өңірлерде сапаға бақылау жүргізетін бірқатар зертхана енгізуіміз қажет еді. Қараңыздаршы, Беларусьта халықаралық стандартқа қай қаншама зертхана құрылған әрі олар терезе блоктары сапасын тексереді. Бұл біздің үйлеріміздегі энергия тиімділігінің маңызды элементтерінің бірі», - деді Үкімет басшысы.

С.Ахметовтің атап өтуінше, елімізде заманауи кәсіпорындар құрылуда. Алайда олардың бір бөлігі халықаралық стандарттарға сай еңбектенсе, ал екінші бөлігі қытай, түрік материалдарынан қажетті құрылыс материалдарын қалыпқа салып шығаруда. Ал олардың тауарлары халықаралық стандартқа сай дайындалған өнімге қарағанда 2 есеге арзан болғандықтан нарықта да өтімді.

«Болат Бидахметұлы, сізге бұл проблеманы, яғни зертханалар құру мен аталған стандарттарды енгізуді осы жылы шешуді тапсырамын. Сонда ғана бізде үйлер сапалы болады, энергия да үнемделеді»,- деді ол.