Үкімет басшысы қызметкерлерге борышы бар кәсіпорындарға мониторинг жүргізіп, оны тоқтату бойынша шаралар қабылдауды тапсырды

АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Үкімет басшысы қызметкерлерге борышы бар кәсіпорындарға мониторинг жүргізіп, оны тоқтату бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.
None
None

Бұл тапсырманы бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсім Үкімет отырысында берді.

«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әкімдермен бірлесіп, қызметкерлерге еңбекақы бойынша борыштары бар кәсіпорындарға мониторинг жүргізіп, оларды тоқтату бойынша шара қабылдау керек», деді Үкімет басшысы.

Осы орайда Премьер-Министр бұл жұмыстарды еліміздің Бас прокуратурамен бірлесіп жүргізу қажеттігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар
Референдум