Үкімет басшысы мен Астана әкімі елордадағы Green гипермаркетінің ашылуына қатысты

А.  Желтоқсанның 7-сі. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ -  Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов пен Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов елордадағы әлеуметке бағдарланған Green гипермаркетінің ашылуына қатысты,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Сейфуллин және Уәлиханов көшелерінің қиылысына орналасқан гипермаркетте тауардың 25 мың түрі ұсынылып отыр. Оның  13 мыңы - азық-түлік және 12 мыңы - өнеркәсіптік тауарлар. Супермаркетте ет өнімдерінің - 120, тағам өнімдерінің - 96, нанның 20 түрі, сондай-ақ торттар мен бәліштерді өндіретін жеке цех та бар. Үкімет басшысы гипермаркет ұсынып отырған жеңілдіктер мен әлеуметтік азық-түлік тауарларының арзан бағасымен танысты. Мәселен, мұнда 550 грамдық 1 бөлке нанның бағасы 35 теңге  тұрса,  зейнеткерлер, мүгедектер мен студенттер үшін барлық тауарларға 5 пайыздық жеңілдіктер қарастырылған. Ал азық-түлік тауарларын сатып алу кезінде қаражаттарыңыз жетпей қалса, осында орналасқан Каспий банктің өкілдеріне барып, несие ретінде алуға да болады.

Ал  дүкеннің жалпы ауданы 6,8 мың шаршы метрді құрайды. 500 автотұрақ орны бар. Гипермаркеттің ашылуы 450 адамды  жұмыспен  қамтуға мүмкіндік берді.

Соңғы жаңалықтар