Үкімет басшысы министрліктер мен ведомстволардың бірінші басшыларына өздерінің сайттарында дербес блоктарын ашуды тапсырды

АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Астанад өткен Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Премьер-Министр Кәрім Мәсімов барлық министрліктер мен ведомстволардың бірінші басшыларына қаңтардың соңына дейін өздерінің сайттарында дербес блоктарын ашуды жүктеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Үкіметтің сайтында мен жеке блогымды аштым. Осыған орай барлық министрліктер мен ведомстволардың бірінші басшыларына айдың соңына дейін өздерінің сайттарында дербес блоктарын ашуды тапсырамын, деді алқа мәжілісінде Премьер-Министр.К. Мәсімовтің айтуынша, ол блоктар бойынша жұртшылық бірінші басшыларға көкейлерінде жүрген сауалдарын қою мүмкіндігіне ие болуы тиіс. «Жұртшылықтың сұрақ қоюға құқығы бар, ал сіздер оған жауап беруге тиіссіздер. Сіздерге қандай сауалдарды қойылып жатқандығын мен қарап отыратын боламын», деді Үкімет басшысы.Премьер-Министрдің айтуынша, Үкімет сайтында жеке блогын ашқан уақыттан бері өзіне көптеген қызықты сауалдар келіп түскен.
Соңғы жаңалықтар